АТЫРАУДА ЕКІ КҮНДІК ДОНОРЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТУДЕ

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Бүгін «Атырау облыстық қан орталығы» мекемесінде «Өзгеге өмір сыйла» атты екі күндік қан тапсыру акциясының алғашқы күні. Акцияның мақсаты – осындай шаралар арқылы ұжымдық белсенділікті арттыру және қанға мұқтаж жандарға көмек көрсету.

Бұл акция бұған дейін 3 рет өткізілген болатын.

Донорлар тапсырған қан хирургиялық, гемотологиялық, гинекологиялық ауруларға және ауыр жол апатына түскен жандарға шұғыл түрде құйылады.



Донорлық – өз қаныңды мұқтаж жанға сыйлау, оның өмірін құтқару. Кез келген адам қан тапсырмас бұрын міндетті түрде медициналық тексеруден өткізіледі. Қандағы гемоглобин мөлшері төмен адамдар да (әйелдерде — 110 г/л, еркектерде — 120 г/л) уақытша донор бола алмайды. Қан тапсырушының салмағы 55 кг-нан жоғары болуы тиіс.

«Өзгеге өмір сыйла!» қан тапсыру акциясының аясында өзімен бірге жеке куәлігін алып келген, 18 жасқа толған кез-келген дені сау азамат донор бола алады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Просмотров: