АТЫРАУДА ҚАЛА КҮНІНЕ 1000 ДАНА ЖЕМІС АҒАШТАРЫ МЕН ТАЛ КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛУДА

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

«Атырау қаласының 380 жылдық мерейтойына орай Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов шаһарды көгалдандыру шарасына қатысып, көшет отырғызды,- деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Жеміс ағаштары мен талдардың көшеттері «Балықшы» саябағындағы 2 гектар алаңға егілуде. Өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетов алма ағашы көшетін отырғызып, қала көлемінде ұйымдастырылып жатқан көгалдандыру жұмыстарына сәттілік тіледі.
Өз кезегінде қала әкімі Қайрат Оразбаев жыл басынан бері қаланы көгалданыру жоспарына сәйкес, 20 мыңдай тал егіліп, қазір өсіп жатқанын атап өтті. «Атырау қаласын көгалдандыру облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің бізге жүктеп отырған басты міндеттерінің бірі. Сондықтан шаһарымызды жасыл қалаға айналдыру үшін алда да ауқымды істер атақарылады. Бұл бағытқа арналған нақты іргелі жобамыз бар. Ол үшін өңіріміздегі ірі компанияларды да тартамыз»,-деді қала әкімі.
Сондай-ақ оның сөзінше, бүгінгі іс-шараға ТШО, НКОК, АМӨЗ, Ембімұнай мен Интергаз сияқты мұнай саласындағы бес ірі мұнай саласындағы компания басшылары да келген. «Балықшы» саябағындағы 2 гектар алаң атыраулық белсенді азаматтардың ұсынысымен ашылған.
Игі шара соңында ардагер Ақмырза Батырхайыров көшет отырғузуға келгендерге алғысын білдіріп, облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовке батасын берді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Просмотров: