АТЫРАУДА 22 МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІГІ САТЫП АЛЫНДЫ

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов  облыстық медициналық жедел-жәрдем станциясына су жаңа 22 жедел жәрдем көлігінің кілтін табыстады, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

«Бүгін қала күні мерекесі қарсаңында тағы бір қуанышты жаңалықпен бөліскелі отырмыз. Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен өңірдің денсаулық саласы 22 медициналық жедел-жәрдем көлігімен толығып отыр. Короновируспен күрес кезінде дәрігерлеріміздің көрсеткен қажыр-қайраты мен еселі еңбегін  өте жоғары бағалаймыз. Пандемияның бірінші кезеңінен өте үлкен сабақ алдық. Кемшіліктерімізді толықтырып бүгінгі күні «екінші толқынға» дайындығымызды да пысықтап алдық. Облыста дәрі-дәрмек пен құрал-жабдықтарымыз жеткілікті. Дәрігерлеріміз мол тәжірибе жинақтады. Үкіметтің қолдауымен денсаулық сақтау саласына көмек көрсету жалғасады. Ағымдағы жылдың қараша айында тағы 18 медициналық жедел-жәрдем көлігі тағы жеткізіледі. Әлемдік COVID-19 пандемиясы ұлттың саулығын сақтаудың маңызын арттыра түсті. Сондықтан, біздің басты — мақсатымыз денсаулық саласын дамыту. 
    Құрметті медицина қызметкерлері, темір тұлпарларыңыз құтты болсын. Игіліктеріңізге жарасын
«, — depti Махамбет Досмұхамбетов медициналық жедел-жәрдем көлігінің кілтін табыстау салтанатында.

Келесі жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен  қосымша 60 санитарлық автокөлікпен жабдықтау жоспарланып отыр. Заманауи автокөліктер науқасқа алғашқы көмек көрсетуге арналған қажетті құралмен-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.  

Айта кетейік, «С» санаты бойынша 13, В  санатымен 9  Хюндай Н350 маркалы медициналық жедел-жәрдем көліктері Денсаулық сақтау министрлігінің инвестициялық саясат департаменті, санитарлық көлік жаңартылуы бойынша «Жол картасын» орындау максатында берілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Просмотров: