АТЫРАУ ОБЛЫСЫНА ВЬЕТНАМНАН КЕЛГЕН 20 МЫҢ МАСКА ЖІБЕРІЛДІ

574a59b68d2255e9dda1183977794685 xl
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

«Қазақстан парламентшілері Вьетнамдық әріптестерінен келген көмекті Атырауға жіберді», – деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.  

Қазақстан парламентшілері Вьетнамдық әріптестерінен гуманитарлық көмек ретінде келген 20 мың масканы Атырауға жіберді. Оны облыстық денсаулық сақтау басқармасы қабылдап алып, 10 мыңын емхана мен ауруханаларға таратты. Ал қалған 10 мыңы волонтерларға беріледі.