ҚҰЛСАРЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА АУРУХАНА КЕЛЕСІ ЖЫЛЫ ПАЙДАЛНУҒА БЕРІЛЕДІ

117051881 615212022728378 1948064874835200290 n
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Жылыой ауданының орталығынан салынып жатқан 75 орындық жаңа аурухананың құрылыс барысын қарап шықты, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникация қызметі.    
«Теңізшевройл» ЖШС-нің «Игілік» әлеуметтік бағдарламасы аясында салынып жатқан орталық аурухананың құрылысы ағымдағы жылдың мамыр айында  басталған.  
Аурухананың негізгі корпусы 55 орынға ыңғайланған. Балаларға арналған 10, инфекциялық 10 орын болады. Ауруханада кір жуатын бөлмелер, үш көлікке арналған гараж, бақылау-тексеру пункттері, өрт сөндіру қауіпсіздігіне арналған жабдықтар, арнайы орындар, 65 текше метр  таза су жинайтын цистерна, септик, аурухана пациенттеріне арналған автотұрақтар қарастырылған. Бұл нысанның құны – 7175,4 млн теңге. Құрылыс жұмысына жергілікті тұрғындар тартылған.
Облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов құрылыстың сапасына қатты мән беріп, белгіленген кестеге сәйкес жұмыс істеуді тапсырды.  
Айта кетейік, аурухана ел игілігіне келесі жылы берілмек.