АТЫРАУДАҒЫ АМАНДОСОВ КӨШЕСІ 27 ТАМЫЗҒА ДЕЙІН АШЫЛЫП БОЛАДЫ

whatsapp image 2020 08 11 at 14.37.08 1
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Екі бағытты жол үш жолақтан 6 жолаққа дейін кеңейтілді. Қазіргі уақытта жол инфрақұрылымы элементтерін монтаждау жұмыстары аяқталуда, – деп хабарлады Атырау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы.

Құрылысшылар жолды жүйелі түрде ашуды жоспарлап отыр:

  • Амандосов пен Берғалиев көшелерінің қиылысы ағымдағы жылдың 22 тамызында ашылады,
  • Амандосов көшесінен Баймұханов көшесіне дейінгі жол бөлігін жүргізушілер 27 тамыздан бастап пайдалана алады.