АТЫРАУДА

АТЫРАУДА МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ БІР АЙДА 800 МЛН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҮСТЕМАҚЫ ТӨЛЕНДІ

Атырау облысында шілде айында қосымша үстемақы коронавирусқа қарсы күресіп жатқан 2082 денсаулық сақтау саласы қызметкеріне төленді, – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.
Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаровтың айтуынша, медицина қызметкерлеріне үстемақы әртүрлі көрсеткіште, олардың қызмет ету ортасына қарай төленіп келеді.
«Қазіргі уақытта ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес, тек өткен айда 2082 медицина қызметкеріне 800 миллион теңгеден астам қаржы үстемақы төленді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес беріліп жатқан бұл қаржылай көмек және ынталандыру медицина саласы мамандарына үлкен қолдау болды.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес, дәрігерлерге – 850 мың теңге, орта буын медицина қызметкерлеріне – 450 мың теңге, кіші буын сала мамандарына – 250 мың теңгеден наурыз айынан бастап ай сайын үстемақы төленуде» – depti облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров.

Айта кетелік, сала мамандарына үстемақы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы арнайы комиссияның шешімі негізінде төленеді.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button