АТЫРАУДА

АТЫРАУДА ПОРНОГРАФИЯНЫ ТАРАТҚАН ТҰРҒЫНҒА ҚАТЫСТЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ

Атырау облысының полиция қызметкерлері 18-20 тамыз аралығында ақпараттық технологияларды, соның ішінде интернет-алаяқтықпен жасалатын құқық бұзушылықтарға қарсы күрестің тиімділігін арттыруға бағытталған «Anti-fraud» республикалық жедел алдын-алу іс-шарасын өткізуде. Бұл туралы Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Аталмыш шараның алғашқы күні Атырау облысында бұрын жасалған алаяқтық сипаттағы 8 интернет-қылмыс ашылды. Сонымен қатар, порнографиялық материалдарды тарату фактісі анықталып, Қылмыстық Кодекстің 311-бабы «Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату» бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде.
Сондай-ақ, тәртіп сақшылары Instagram-әлеуметтік желісінде жиһаз сату туралы хабарландыру жариялап, сатып алушы – Атырау қаласы тұрғынынан 260 000 теңге мөлшерінде алдын- ала төлем алған Қарағанды облысының тумасын ұстады. Тексеру барысында, ұсталған азаматша осы тектес бірнеше алаяқтық қылмысына қатысты екені анықталды. Өз кінәсін толық мойындаған азаматша әзірге қол хатпен жіберілді.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button