АТЫРАУДА

АТЫРАУДА КАРАНТИН РЕЖИМІН БҰЗҒАН МЕЙРАМХАНАЛАР МЕН ДҮКЕНДЕР АНЫҚТАЛДЫ

Полиция қызметкерлері мен мүдделі орган өкілдерінен тұратын мобильді мониторинг топтары карантиндік режимге байланысты шектеулердің сақталуын бақылау және тексеру жұмыстарын жүргізуде, – деп хабарлайды Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Шілденің 5-нен басталған рейдтік іс-шаралар барысында күні бүгінге дейін облыста 1688 карантиндік режим талаптарының бұзылуы анықталды, оның ішінде жеке тұлғалар-1343, заңды тұлғалар -325, атап айтқанда, кафе, ресторан, букмекерлік кеңселер, түнгі клубтарға қатысты – 46 дерек, сауна, сұлулық салондарына қатысты-5, отбасылық жиындар-35, дүкен, сауда орындарына қатысты -154, бетперделерге қатысты -196, т.б. карантин режимін бұзу дерегінің 1000-ға жуығы Атырау қаласында тіркелген.
Мысалы, 12 тамыз түнгі сағат 03.30 шамасында Сыдықов көшесіндегі мейрамханада туған күн тойланған.
14 тамыз күні қаладағы Гумаров көшесіндегі кафенің жұмыс жасап, адамдарды қабылдағаны анықталды. Бұл күні Азаттық даңғылы бойындағы «Гүлдер» дүкені жұмыс жасап тұрған, 14 тамыз Құлсары каласында сағат 22.00 шамасында азық-түлік дүкені шектелген уакыттан тыс сауда – саттық жасаған.
Қызылқоға ауданының Миялы ауылының тұрғыны карантин режиміне қарамастан, мекен-жайында 40 адаммен ұлының үйлену тойын жасаған.Карантин режимін бұзғаны үшін үй иесіне тиісті құжаттар жинақталып, Қызылқоға аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бөліміне жолданды.
15 тамыз Бейбарыс даңғылында орналаскан коттеджде 10-13 адам жиналып туған күн тойлаған.
Атырау облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің Қаулысында көрсетілгенкарантин талаптарын орындамағандарға қатысты жинақталған іс-құжаттар тиісті шешім қабылдау үшін Атырау қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.
Атырау облысында 17 тамыздан бастап карантин режимі жеңілдетілгенмен, шектеу шаралары 31 тамызға дейін ұзартылды.
Атырау облысы полицейлері азаматтардан карантин режиміне барынша түсіністік танытып, сақтық шараларын орындауға шақырады.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button