РОЗА РЫМБАЕВАНЫҢ ҰЛЫ ӘЛИ ОҚАПОВ АТЫРАУЛЫҚ АРУМЕН ОТАУ ҚҰРДЫ

a177afeb e322 43bc af97 50c29f1b59c9
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қазақстанның Халық әртісі, Роза Рымбаеваның ұлы эстрада жұлдызы, Әли Оқапов Атыраулық ару Ақерке Бүркітбаймен шаңырақ көтерді.

Қалыңдықтың өзі де өнерлі отбасыдан шыққан. Өңірімізге танымал дәстүрлі әнші, ҚР Мәдениет саласының үздігі Пахаман Құттымұратовтың қызы. Қазіргі таңда «Асыл» тобында өнер көрсетеді.

Кеше Ақеркенің шаңырағында ұзату тойы өтті.

Айта кетейік, бұған дейін 29 жасар Әли Оқапов жеке өмірі туралы еш жерде сыр ашпаған болатын.