12 жастағы қыз ағасынан жүкті болды

by Depti
0 views

Асқазаны ауырып ауруханаға түскен 12 жасар қыз көп ұзамай дүниеге сәби әкелді.

Кейінірек баланың әкесі қыздың өз ағасы екені белгілі болды. Оқиға Уэльсте болды. Суонси корольдік соты қызды 14 жастағы ағасы зорлағанын айтты. Ол кезде қыздың жасы небәрі 11 жаста болғанын, ата-анасы балаларын қадағаламағанын және жұмыссыз екенін хабарлады.

Жас ана оқиғадан кейін үйіне қайтқысы келмейтінін, тек өз жасындағы қыз секілді қалыпты өмір сүруді армандайтынын және баласының жақсы өмір сүргенін қалайтынын мойындады.

Адвокаттың айтуынша, ата-ана отбасында “құпиялылық пен өтірік” мәдениетін қалыптастырған, соның салдарынан осы оқиға орын алған. Ол соттан айыпталушыға бас бостандығынан айыруға қатысы жоқ үкім шығаруды сұрады. Жас жігітті қамауда ұстаудың “ешқандай пайда әкелмейтінін, бірақ оған қымбатқа түсетінін” атап өтті.

Жасөспірім психологиялық жағдайын бақылау үшін екі жыл бойы маманға баруға міндеттелді. Ол да 30 ай мерзімге жыныстық құқық бұзушы ретінде есепке алынған.

“Stan.kz”

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com