Әлемде

32 жыл жазықсыз түрмеде отырған…

Америкалық ер адам істемеген қылмысы үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған. Бірақ, 32 жыл өткенен кейін оның кінәсіз екені дәлелденді.

Гилберт Ли Пул 1988 жылдың аяғында Мичиган штатының Понтиак қаласында Роберт Мехианы өлтірді деген айыппен қамауға алынған. 1989 жылы сот 22 жастағы Пулды шартты түрде мерзімінен бұрын босату құқығынсыз өмір бойына бас бостандығынан айырды.

Үкім Пулдың сүйіктісі берген жалған куәліктер мен тіс дәрігерінің мәлімдемесі негізінде шығарылды. Тіс дәрігері Мехияның денесінде Гилберттің тісінің ізі қалды деп айтқан.

Ол тергеу кезінде өзінің бұрынғы сүйіктісінің айғақтарын жоққа шығарды. Ал қазіргі уақытта тіс іздерін зерттеу ғылыми тұрғыдан жеткілікті негізді деп саналмайды және тікелей дәлел бола алмайды.

Сонымен қатар, куәгерлер кісі өлтіру алдында кешке Мехияны агрессивті мінез-құлық танытқан және пышақпен қаруланған белгісіз біреумен көргенін мәлімдеді. Соған қарамастан, сот жиналған дәлелдемелерді қатаң үкім шығару үшін жеткілікті деп тапқан.

Соттан кейін жүргізілген ДНҚ анализі қылмыс орнында Пулдың іздері болмағанын көрсетті, бірақ 1980 жылдардың аяғында мұндай зерттеулердің нәтижелері тергеу органдарымен әлі қарастырылмаған болатын.

Пулды босату үшін күрес 10 жылдан астам уақыт бұрын басталды, ал 2015 жылы The Innocence Project заңгерлері ДНҚ-ны қайта тексеруден өткізді. Оның нәтижелері қылмыс орнындағы кейбір қан дақтары Пулге де, Мехиаға да тиісті емес екені анықталды.

2021 жылы 26 мамырда, сәрсенбіде Окленд округінің судьясы Гилберт Ли Пулге тағайындалған өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын алып тастап, оны сол күні босатуды бұйырды.

Пул қамауда болған уақыт ішінде анасы, әкесі және ағасы көз жұмды. Десе де ол өзін босату үшін күрескен адвокаттарды жаңа отбасы деп санайтынын жасырмады. Қазір Пул біртіндеп заманауи өмірге үйреніп келеді. Ол ешқашан қолына ұялы телефон ұстамағанын және қайтадан көлік рөліне отыруға қорыққанын айтты.

Мичиган заңына сәйкес жазықсыз сотталғандар түрмеде өткізген әр жыл үшін 50 000 доллар (шамамен 21,5 млн теңге) көлемінде өтемақы алуға құқылы. Осылайша, Пул 1,6 миллион доллар (шамамен 685 млн теңге) төлем ала алады.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button