АТЫРАУДА

Тутұғырға қатысты тағы да шу шықты

Әлеуметтік желіге Атырау тутұғырындағы мемлекеттік тудың теріс ілініп тұрған видеосы жарияланды. Келеңсіз жағдайға байланысты әкімдіктегілер жауап берді. 

Қалалық әкімдік өкілдерінің айтуынша, теріс ілінген ту 10-15 метр биікке көтерілгенде ғана байқалған.

«Туды ілу кезінде оның жоғарғы жағын анықтау бойынша қиындық туды. Сенбі күні сағат 19.00 шамасы туды 10-15 метр биікке көтергенде теріс екені байқалды. Туды түсіріп қайта ілді. Бұл бірнеше минутқа созылды. Желіде тараған видеода тудың енді ілініп жатқаны көрініп тұр», — деді әкімдік өкілдері.

Еске сала кету керек, бұл туға қатысты туындаған алғашқы келеңсіздік емес. 1 қаңтар күні Атырау қаласының тұрғындары өңірдегі басты мемлекеттік тудың орнында жоқ екенін әлеуметтік желіге жарыса жазған болатын. Олар қатты жел салдарынан ту құлап немесе жыртылып ұшып кетуі мүмкін деп болжады. Бірақ, кейін ауа райының қолайсыздығынан әкімдіктегілер оны әдейі алдыртып тастағаны белгілі болды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button