Қазақстанда

ШҰҒЫЛ: Министрлік кредитті кешіруге байланысты МӘЛІМДЕМЕ жасады!

Қазақстан азаматтары үшін «кредиттік рақымшылықты» ұзарту жоспарланып отырғаны туралы бірқатар БАҚ-тағы жарияланымдар журналистердің «ашық деректер» порталында орналастырылған ҚР Үкіметі қаулысының жобасын дұрыс түсіндірмеуінен және ол шындыққа сәйкес келмейді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.

Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, Мемлекет басшысының 2019 жылғы 26 маусымдағы «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы» Жарлығын орындау үшін ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 15 шілдедегі «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайтуға арналған қаражатты пайдаланудың кейбір мәселелері туралы» қаулысы қабылданды. Қаулыда есептен шығару мерзімі 2019 жылғы 13 желтоқсаннан кешіктірілмейді деп белгіленген.

Қазақстанда борыш жүктемесін азайту үш кезеңде жүргізілген. Бірінші кезеңде есептен шығару 2019 жылдың қыркүйегінде 507,4 мың адамға жалпы сомасы 105,2 миллиард теңге бөлінді. Екінші кезеңде 2019 жылғы желтоқсанда — 46,9 мың адамға жалпы сомасы 9,8 миллиард теңге.

Жарлық күшіне енген тұлғаларды толық қамту мақсатында министрлік 2020 жылғы сәуірде жалпы сомасы 5,5 миллиард теңгеге 23,4 мың адамға үшінші есептен шығаруды жүзеге асырды.

«Осыған байланысты, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2020 жылдың І тоқсанында нақты жүргізілген жұмыстарды ескере отырып, есептен шығару мерзімін түзетуді көздейтін «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 шілдедегі «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайтуға арналған қаражатты пайдаланудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасын әзірледі. Бүгінде берешекті есептен шығару бойынша барлық жұмыс аяқталған және оларды қайта бастау жоспарда жоқ», — деді министрлік өкілі.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button