АБАЙ МЕН ӘЛ-ФАРАБИДІҢ СУРЕТІ БАР МАРКАЛАР ШЫҚТЫ

5e4377379a8c3878651632
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Швецариядағы Қазақстан Елшілігі Абай Құнанбаев пен Әбу Насыр әл-Фарабидің суреті бар пошта маркаларын шығару туралы бастама көтерді. Бұл бастама Әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылуда. Шығарылған пошта маркаларын елшілік қызметі күнделікті іскерлік хат алмасу барысында қолданады. Оған қоса, елшіліктегілер маркаларды естелік ретінде сол елде тарату мақсатында келіссөздер жүргізіп жатыр.