САРАПТАМА

ЕРІКТІЛЕРГЕ МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҚТАР БЕРІЛЕДІ

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен және мемлекет басшысының қатысуымен республикалық «Birgemiz» волонтерлік фронт-офисі ашылды. Атырау облысының делегациясы ретінде волонтерлік салаға жауапты жергілікті атқарушы орган өкілдері, «Жастар ресурстық орталығы» қызметкерлері, «Әлеуметтік студенттік кредит» жобасының қатысушылары, волонтерлік ұйымдар және тілшілерден құралған 32 делегация мүшелері қатысты. Барлық өңірлермен бейнеконференция арқылы болған онлайн байланысты Атырау қаласында 50-ден астам волонтерлар мен волонтерлік ұйымдары бақылады.

Шара барысында еріктілерге арнайы грант және мемлекеттік сыйлықтар беріліп, еріктілік еткен жылдар жұмыс өтілі ретінде есептелінетін болып шешілді.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button