Мысырлық Сиса Абу Даух 40 жылдан астам уақыт бойы жынысын жасырып, өзін ер адам кейпінде көрсетіп келген, деп хабарлайды stan.kz
Мысырлық әйел күйеуі қайтыс болғаннан кейін қызын өмірге әкеліп, бірнеше ай табыссыз қалады. Туыстары оған екінші рет үйленгісі келгенімен, 22 жастағы бойжеткен отбасын құрғысы келмеді.
Жұмысқа тұру үшін ол әйел екенін жасыруға мәжбүр болды. Ол галабеа (кең жеңі бар ұзын ерлер киімі) және ақ тақия киіп, ерлердің аяқ киімін киді. Әйел кірпіш және цемент тиеумен айналысқан, сонымен қатар ғимараттар салумен айналысқан. Ол 43 жыл бойы ер адам болып киінді.
Құпия ашылған соң ол туған қаласынан кетіп қалды. 2022 жылы Мысыр билігі оған “Мінсіз ана” сыйлығын табыс етті.