АҚШ өзге планета өкілдерінен қауіптенеді

pentagon ufos tmu
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

АҚШ Ұлттық барлау директорының аппараты және басқа агенттіктер Конгреске белгісіз ұшатын нысандар туралы есептерін ұсынуы тиіс. Бұл туралы «Unilad» басылымы хабарлады. 

Былтыр жыл соңында Дональд Трамп АҚШ барлау агенттіктері мен Қорғаныс министрлігін беймәлім ұшатын нысандар (БҰН) туралы есеп дайындауға міндеттеген болатын. 2021 жылға арналған бюджет туралы заң жобасына сәйкес, құжат Конгреске 180 күн ішінде, яғни 25 маусымға дейін ұсынылу қажет.

Қорғаныс министрлігінің өкілі Пентагон БҰН туралы хабарламаларды қалай өңдегенін де зерттеу керек.

Хабарламада «Бұл баяндаманың мақсаты – Қорғаныс министрлігінің белгісіз ұшатын нысандарға қатысты әрекет ету дәрежесін анықтау» делінген.

Басылымның мәліметінше, дайындалып жатқан баяндамада беймәлім ұшатын нысандар туралы АҚШ-тың барлық барлау мәліметі егжей-тегжей талдануы тиіс. Сонымен қатар, Американың барлау агенттіктері мен Пентагон Конгреске қолда бар мәліметтер негізінде «Елге қауіп төне ме?» деген сұраққа жауап беріп отыру керек.