Әлемде

ИЛОН МАСК «ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ БАЙ АДАМ» АТАҒЫНАН АЙЫРЫЛЫЛЫП ҚАЛДЫ

Материалды көшіріп басқанда және басқаша пайдалану кезінде azh.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Сондай-ақ ВК, Instagram пабликтерінде жариялауға тыйым салынады.

Материалды көшіріп басқанда және басқаша пайдалану кезінде azh.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Сондай-ақ ВК, Instagram пабликтерінде жариялауға тыйым салынады.

Бір айдан аса уақыт бойы әлемдегі ең бай адамдар тізімінде бірінші орында болған SpaceX пен Tesla компаниясының басшысы Илон Маск екінші орынға түсіп, Amazon негізін қалаушы Джефф Безос көш бастады. Бұған Блумберг агенттігі есептеген Bloomberg Billionaires Index (BBI) мәліметтері дәлел, – деп хабарлайды Ақ Жайық газеті Тengrinews порталына сілтеме жасап.

Агенттік мәліметінше, Безостың байлығы – 191 миллиард, Масктың байлығы – 190 миллиард доллар. Осылайша, Безос 2017 жылдан бастап 2021 жылдың 7 қаңтарына дейін ұстап тұрған бірінші орнын қайтарып алды. Соңғы бір айда Илон Маск тізімде көш бастап тұрған. 

Үшінші орында Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтс тұр. Оның байлығы 137 миллиард долларға бағаланған, тізімдегі төртінші адам – Louis Vuitton Moët Hennessy президенті Бернар Арно (116 миллиард). Facebook негізін қалаушы Марк Цукербергтің байлығы 104 миллиард долларға бағаланып, ол бесінші орында тұр. 

Материалды көшіріп басқанда және басқаша пайдалану кезінде azh.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Сондай-ақ ВК, Instagram пабликтерінде жариялауға тыйым салынады.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button