Әлемде

ІШІМДІК ІШКЕН АНАСЫНЫҢ СҮТІН ЕМГЕН НӘРЕСТЕ КӨЗ ЖҰМДЫ

Горно-Алтайск қаласында алкоголь ішкеннен кейін нәрестесін емізген ананың ісі сотта қаралуда. Сәби ана сүтін емгеннен кейін шетінеп кеткен деп хабарлайды, kaz.nur.kz ақпараттық порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.

«Абайсызда адам өліміне әкеліп соқтыру» дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Ресейдің Алтай Республикасындағы тергеу комитетінің Горно-Алтайск қаласы бойынша тергеу бөлімі 32 жастағы тұрғынға қатысты Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 109-бабының 1-бөлігі (абайсызда өлімге әкеп соқтыру) бойынша қылмыстық іс қозғады», – делінген құзырлы мекеме таратқан хабарламада.

Тергеу мәліметтері бойынша, 11 қаңтарда Горно-Алтайск қаласының 32 жастағы тұрғыны өзінің туған күнін атап өтіп, алкогольдік ішімдік ішкен, содан кейін төрт айлық баласын емізіп қойған.

«Мас күйде болған әйел, сүтінде баланың өмірі мен денсаулығына қауіпті алкоголь бар екенін біле тұра, 2021 жылдың 11 қаңтарынан 12-не қараған түні 4 айлық баласын екі рет емізген. Салдарынан нәресте уланып, қаза тапты», – деп нақтылады істі тергеушілер.

Бүгінде тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайларын анықтап, анасы туралы дәлелдемелер жинап, отбасында балаларды тәрбиелеу жағдайларын, сондай-ақ қылмысқа ықпал еткен мән-жайларды зерттеп жатыр.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button