Әлемде

БҰЗЫҚ ДИПЛОМАТ

Украинада Қазақстан елшілігінің қызметкері көлігімен бір топ адамды басып кете жаздады, деп хабарлайды Depti.kz ақпараттық порталы КТК арнасына сілтеме жасап.

Украинадағы Қазақстан елшілігінің қызметкері жол жүру ережесін өрескел бұзған. Қызметтік көлік тізгіндеген ол бір топ қоғамдық белсендіні басып кете жаздапты. Оқиға орнындағы бейнежазба әлеуметтік желілерде кеңінен таралып жатыр.

Қара түсті Toyota Camry тізгіндеген азамат трамвай жолына кіріп кеткен. Бейнежазбада көліктің алдыңғы номірі жоқ екені байқалады. Сол тұстағы қоғамдық белсенділер заң бұзушыны өздері ұстап алуға тырысады. Бірақ өздері көлік астына түсе жаздайды.

Жазбада жүргізушінің түрі де көлік номірі де анық көрінеді. Желі тұтынушылары Қазақстанның Украина елшілігіндегі қызметкері Думан Қызырды анық танығанын айтады. Жергілікті қоғам белсенділері қазір заң бұзушыны жазалауды талап етуде.

ҚР Сыртқы істер министрлігі:

– Қазір Киевтегі елшілік оқиғаның мән-жайын анықтауда. Консул жергілікті полициямен байланысып, жол жүру ережесі бұзылғанын, айыппұл салынғанын нақтылап жатыр. Толық ақпаратты Украинадағы әріптестерден алғаннан кейін береміз.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button