Қазақстанда

БАЯНАУЫЛ ҰЛТТЫҚ САЯБАҒЫНДА СІЛЕУСІН КӨЗГЕ ТҮСТІ

Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.egemen.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на egemen.kz: https://egemen.kz/article/265694-bayanauyl-ulttyq-sayabaghynda-sileusin-kozge-tusti
© egemen.kz

Әлеуметтік желілерде Баянауыл ұлттық саябағында жүрген сілеусіннің видеосы таралған еді, деп хабарлайды Egemen.kz

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының Экскурсия жөніндегі нұсқаушы мемлекеттік инспекторы Алтынбек Құрманов саябақта сілеусін де, бұлан, арқар, қабан да бар екенін атап өтті. Олардың бәрі ерекше қорғалған. 

– Бізде мониторинг жүргізетін ғылыми бөлім бар. Күн сайын қызметкерлер көрген аңдарына есеп жүргізіп, ғылыми бөлімге тапсырып отырады. Бізде мекендейтін аңдардың қанша бар екенін, олардың азығы бар-жоғын анықтап отырамыз, – дейді Алтынбек Құрманов.

Инпектордың айтуынша, қыс айларында саябақта аңдар саны көбейеді.

– Сілеусіндер тауда қоян аулап жейді. Өз бетімен өмір сүре алады. Азығы бар болған соң жүр. Жалпы, Баянауылда қыс айларында демалушылар болмайды. Сондықтан аңдардың көбі келе бастайды. Жазда даңғыр-дүңгір музыка болады. Аңдар тыныш жаққа кетіп қалады, – дейді Алтынбек Құрманов.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button