Әлемде

Криштиану Роналду 35 жаста

 Бүгін әлем футболының жұлдызы, Португалия құрамасының капитаны және итальяндық «Ювентус» командасының ойыншысы Криштиану Роналду 35 жасқа толды.

Көп футболшылар ойыншылық карьерасын аяқтауға жақындап немесе қалтасын қалыңдатып қалу мақcатында ғана әлемнің бір қиырына баратын жаста КриРо әлі бабында. Жылдар өте сапасы артатын шарап сынды жасындай жарқылдауда. Олай етуге стимулы да жоқ емес. Он жылдан астам уақыттан бергі «ең үздік футболшы» деген атаққа тікелей бәсекелесі, өзінен екі жас кіші Лионель Месси де бар өнерімен жанкүйерлердің көзайымына айналып жүр.

Еуропа чемпионы, 5 дүркін «алтын доп» иегері, 5 дүркін «Чемпиондар Лигасының» жеңімпазы атанған Португалиялық, қазіргі таңда 4 баланың әкесі, «Instagram» желісіндегі ең жазылушысы көп аккаунттың иесі.

Айта кетейік, өз карьерасында «Спортинг», «Манчестер Юнайтед», «Реал Мадрид» және «Ювентус» командаларының жейдесін киген футболшы, ұлттық құрама сапындағы алғашқы кездесуін 2003 жылдың 18 тамызында Қазақстандықтарға қарсы өткізген болатын. Қазіргі таңда Португалия футболы тарихындағы көп ойын өткізу және көп гол соғу  бойынша рекордтарды орнатып үлгерген.

95773
Сүйіктісі Джорджина Родригес және тұңғышы кіші Криштиану

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button