АТЫРАУДА

Атырау қаласының әкімдігіне мектеп дауын көтерген ата-аналар жиналды

Атырау қаласының тұрғындары мектептің даулы мәселесі бойынша қала әкімдігінде жиналды. Олардың назы М.Жұмабаев атындағы №1 жалпы орта мектептің (бұрынғы Ленин) апатты деп жабылып, оқушылар мен мектеп құрамының №18 мектеп көшірілгендігі.

«Балаларымыз №18 мектепте 3 ауысымда оқуға мәжбүр. Сабақ өту уақыты 30 минутқа дейін қысқартылған. Бұдан бөлек мектепке жетудің өзі үлкен қиындықты тудырып отыр. Себебі мектепке жеткенше балаларымыз екі жолды кесіп өтеді. Атырау ықшамауданына қараған көпірде жолдан өту белгісі талдардың арасынан көрінбей тұр.  Мен 4 немеремді мектепке беріп отырмын. Жұмысты тастап, оларды мектепке таситын бір адам керек» – дейді ата –ана Тюлегенова Гульнара Сулейменовна.

Ата-аналарға жауап беру үшін арнайы кездесу ұйымдастырған қала әкімінің орынбасары Ұлықбек Тналиев:  «Мектептің жері 2004 жылы жекеменшікке өтіп, 2008 жылы толықтай қайтарылды. 2017 жылы апаттық жағдайда деп танылды. 2018 жылы  мемлекеттік акт жасақталып, 2019 жылы мектепті салуға рұқсат берілді. 2020 жылы мектеп құрылысын бастау жоспарланып тұр.  Жоба мақұлданғаннан кейін, тендер жариялап, мектеп құрылысын бастаймыз. Жаңа мектеп 160 оқушыға жасақталған. Екі ауысыммен оқығанда  320 оқушы білім алады» – депті.

Ата-аналар бұл жауапты алғаннан кейін, автобус мәселесін де көтерді. Заң бойынша мектеп пен тұрғылықты ауданның арақашықтығы 3 км асқанда ғана арнайы автобус бөлінеді. Сондықтан заң шеңберінде автобус бөлуге құқығы жоқ екендігін қала әкімінің орынбасары кесіп айтты.

Ата-аналар  1 учаскеде  зеріккен балалар  гараждардың үстінде секіріп ойнайтынын, ол жерде темір-терсек, тоқ және т.б. қауіп көздері көп екендігін айтып, ойын алаңының қажеттілігін және салып беруін өтінді.

Атырау қаласы әкімінің орынбасары Ұлықбек Тналиев барлық өтініштер мен талаптардың негізге алып, жұмыстанатынын айтты.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button