АТЫРАУДА

№1 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ ТӨГУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЖЕДЕЛ ТЕКСЕРІС ЖҮРДІ

Әлеуметтік желіде жазылғандай №1 қалалық емхана медициналық қалдық төкпеген, деп хабарлайды Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

⠀Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының 2020 жылдың 22 маусымдағы облыста медициналық көмек ұйымдастыру туралы  N297  бұйрығы шықты. Соған сәйкес, барлық емханаларға тәулік бойы  стационар кереуеттерін ашу тапсырылған болатын. Аталған  бұйрықты орындау мақсатында ШЖҚ КМК «Атырау қалалық емханасы №1» жанынан 40 кереуеттік стационар ашылды.

⠀Ол  емханаға қарасты науқастардың денсаулығын нығайту, науқастанған жағдайда уақытылы емдеу шараларын жүргізу мақсатында ұйымдастырылған. Емхана коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарды емдемейді, өкпе қабынуы бар, қан қысымы мен қант диабеті бар, ыстығы көтірілген ЖРВИ белгілерімен келген  ауыр жағдайдағы науқастарға көмек көрсетеді. Себебі,  короновирус инфекциясының таралуына байланысты бос орындардың болмауынан барлық ауруханаларда жоспарлы науқастарды қабылдау тоқтатылған еді.

⠀Ал бүгін ШЖҚ КМК «Атырау қалалық емханасы  №1» жанындағы үйдің бір тұрғыны әлеуметтік желіге медициналық персоналдың қоқыс төгетін жерге шприц, система, маска мен қолғап тастады деп шағым жазған. Соған байланысты емхана жанынан жедел тексеріс ұйымдастырылды. Тексеріс барысында қоқыстан аса қауіпті медициналық қалдықтар (ине, шприц, система, дәрі-дәрмек, олардың құтылары) табылған жоқ. Авангард шағын ауданы 2, 9 үйдің жанында орналасқан қалдықтарды төгуге арналған орынды сол маңда орналасқан бірнеше жеке меншік емдеу мекемелері мен аптекалардың да пайдаланатынын айтқымыз келеді.

⠀Өйткені,  емхана ЖШС «АТАКИМ» деген компаниямен 17.03.2020ж. N104 А, Б, В, Г классты медициналық қалдықтарды тасымалдау жене  залалсыздандыру  туралы келісімшарт жасаған.

«Емханадағы процеуралық кабинетте үш классты қалдықтарға арналған қорап орналасқан. Олардың біріншісі А класстық қорапшаға шприцтің сырттары, дәрі-дәрмек, қағаз қорапшалары, екінші Б класстыға шприцтер, инелер, және системадан қалған қалдықтарын саламыз, В кластты қорапшаға шариктер, қолданылған бет-берделер және қолданылған резенке қолғаптарды саламыз. Жұмыс соңында осы қалдықтардың бәрін жинақтап, емханада орналасқан қалдықытарды қабылдау бөлмесіне тапсырады. Компания аталған медициналық қалдықтарды күнделікті кешке қарай алып кетіп, залалсыздандырып отырады»,- дейді ШЖҚ КМК «Атырау қалалық емханасы №1» директорының орынбасары Айнагүл Шаумова.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button