Қазақстанда

НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНАН ҚАТЫНАЙТЫН БІРҚАТАР ПОЙЫЗДАРДЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫ ТОҚТАЙДЫ

Елімізде бірқатар пойыздардың қозғалысы уақытша тоқтайды, – деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы акционерлік қоғамы».

Бірінші шілдеден бастап «Нұр-Сұлтан-Нұрлыжол-Атырау», «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол – Орал», «Алматы-2 –Нұр-Сұлтан- Нұрлы жол» бағытындағы коммерциялық пойыздар жүрмейді. Бұл пойыздарға билет алған жолаушылардың ақшасы толық қайтарылады. Не болмаса оны «Нұр-Сұлтан – Атырау», «Нұр-Сұлтан – Орал», «Нұр-Сұлтан – Алматы» секілді бірдей бағыттағы пойыздарға ауыстыра алады.

Ұлттық тасымалдаушы келтірілген қолайсыздыққа байланысты жолаушылардан кешірім сұрайды, – делінген хабарламада.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button