Атыраулық тұрғын балалардың көзінше анасын балтамен ұрып, кейін өзіне қол салды…

by Depti
0 views

Атырау тұрғыны бір ай бұрын танысқан әйелдің басынан балтамен ұрып, содан кейін оның үйінде өзіне қол салды. Бұл туралы НеМолчи.kz қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәрі хабарлады.

Ер адам мен әйел наурыз айында танысқан. Ол бірден бірге тұруды ұсынады, алайда әйел оған дайын болмаған. Себебі оның 4, 11 және 13 жасар үш қызы бар. Атырау тұрғыны айтқанынан қайтпай, 6 сәуірде келіншекті соққыға жыққан. Бірақ ол полицияға арызданбай, қыр соңынан қалмай қойған ер адамнан қашып тығылып жүреді.

12 сәуірде ер адам куәгерлердің көзінше әйелді көлікке мәжбүрлеп отырғызып, жалдап тұрып жатқан пәтеріне апарған.

“Жалаңаш күйінде видеоға түсіретінін айтып, қорқытып бөлмеге кіргізген. Оның қалауынсыз жыныстық қатынасқа түскен. Содан кейін таксимен үйіне жеткізіп салады. Зорлау әрекеті туралы әйел өзінің әпкесіне кейін жуынып, ішкиімін жуып тастағаннан кейін айтқан”, – деп жазды Таңсәрі Facebook-парақшасында.

Келесі күні жәбірленуші күні бойы учаскелік полиция қызметкерін күткен. Таңсәрінің сөзінше, полицей арызды оқиға болған учаскеде жазу керек деп арыз қабылдаудан бас тартқан.

14 сәуірде әйел Атырау қаласының полиция басқармасына барады. Алайда тергеуші зорлық әрекеті болмағаны туралы арыз жазуды ұсынған. Оның сөзінше, ер адамнан әйелге енді жақындамау туралы қолхат алған.

Алайда 15 сәуірде ер адам есікті бұзып, үш баласымен бірге тұратын әйелдің үйіне басып кіреді. Балаларының өмірі үшін қорыққан келіншек оны сыртқа шығуға көндірген. Сол сәтте үлкен әпкесі хабарласып қалады. Телефонды әйелдің үлкен қызы алған, содан жәбірленушінің әпкесі бірден учаскелік полицияны шақырады. 

16 сәуірде сот шешімімен ер адам қоғамдық жерде ішімдік ішкені және тіл тигізгені үшін екі күнге қамауға алынады. 17 сәуірде сағат 21:00-де тағы да жәбірленушінің үйін торуылдауға келеді. Оны учаскелік полицей алып кеткен.

“Спутник Қазақстан”

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com