АТЫРАУДА

29 жастағы атыраулық жігіт интернетте қару сатпақ болды

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, әкімшілік полиция бөлімі азаматтық қызметтік қару айналымын бақылау тобының қызметкерлері белгісіз адамдың «ВКонтакте» әлеуметтік желісіне «ИЖ-79» маркалы, 7х62 мм калибрлі газ тапаншасын сату туралы хабарландыру орналастырғанын анықтаған.

«Жарнаманы тексеру кезінде газ тапаншасын сатуға қойған 29 жастағы тұрғын анықталды. Аталған азамат тіркелмеген қаруды 2018 жылы Ресейден сатып алғанын айтып, әлеуметтік желіге сатуға шығарғандығын мойындаған. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен (жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) әкімшілік хаттама толтырылды. Жинақталған іс-құжаттар заңды шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданып, қару тәркіленді» деп хабарлады Департаменттің баспасөз қызметінен.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button