Атырауға QAZVAС вакцинасының алғашқы дозасы жеткізілді

5ebbdc18d17d9f914d2e8ab999719928 1280x720
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Атырау облысына QAZVAС вакцинасының алғашқы 2 мың дозасы жеткізілді.

Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиевтің айтуынша, екі компоненттен тұратын QAZVAС вакцинасының алғашқы 2 мың дозасы Атырауға жеткізілді. Вакцина екі егу пунктіне – Атырау қаласының емханаларына таратылған.

«Қазақстандық QazCovid – in (QAZVAС) – екі дозалы вакцина. Бір құты бір адамға есептелген. Сонымен қатар, отандық вакцина мұздатуды қажет етпейді. Себебі, 2-ден 8 градусқа дейінгі температурада сақталады», – дейді Асхан Бәйдуәлиев.