АТЫРАУДА

ӘКІМДЕР САЙЛАУЫ: Бұл науқан бұрынғыдан өзгерек…

Маңызды саяси оқиға қарсаңында философия ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор Өмірбек Бекежан Қадырханұлы өз пікірін білдірді.

Тікелей сайлауда қандай артықшылықтар бар? Біріншіден, әкімдердің халық алдындағы жауапкершілігі арта түседі, өйткені оларды халық таңдап, ұсынады. Олар жоғары тұрған органдардың емес, халықтың тікелей бағынысында болады.

Екіншіден, халық туған ауылының тыныс-тіршілігіне белсене қатыса алады. Себебі, әкімді таңдай отырып, ауыл тұрғындары оған өз мүддесін қорғауға, өмір сапасын жақсартуға өкілеттік береді.

Сонымен қатар, «Барлығына қарсы» тармағы да маңызды болып табылады. Бұл ауыл тұрғындарына сайлау фактісіне дау айтпастан кандидаттарға сенімсіздік білдіру құқығын береді.

Айта кетейік, Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының ақпаратына сүйенсек, 18 ауылдық округ әкімінің сайлауына 73 үміткер ұсынылған. Оның ішінде 39 үміткер (53,4%) – саяси партиялардың өкілі. Ал, 34 үміткер (46,6%) өзін-өзі ұсынып, әкім сайлауына қатысуға ниет білдірген.

«Мәселен, NurОtan партиясы 15, «Ауыл» ХДПП – 5, «Ақ Жол» ҚДП – 3, «АDAL» партиясы – 6, Қазақстан халық партиясы – 7 кандидат, ЖСДП 3 үміткер ұсынды. Орташа бәсекелестік 4 адамды құрады. 10 шілдеде 54 үміткер тіркелді. Бұл үміткерлердің – 74 пайызы» деп хабарлады облыстық аумақтық сайлау комиссиясынан.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында 18 ауылдық округтің әкімі сайланатынын хабарлап едік.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button