АТЫРАУДА

Атырауда өзбек азаматтары рұқсатсыз жұмыс жасап жатыр

Атырауда 500-ден астам шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Атырауда ағымдағы  жылдың 5-12 шілде аралығында Атырау облысы аумағында «Заңсыз келуші-2021» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Жедел-шараның төрт күнінің қорытындысы бойынша көші-қон заңдылықтарын бұзған 549 шетелдіктер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Көші-қон заңнамасының талаптарын бұзған шетелдіктерді қабылдаған 150 тұлға жауапкершілікке тартылды.

Бұдан басқа шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқан 17 тұлғаға қатысты әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

13 шетел азаматтарына қатысты ел аумағынан шығару туралы сот шешімдері қабылданды – деді, Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев. 

Бұдан басқа іс-шара барысында Береке мөлтек ауданында орналасқан құрылыс алаңдарында еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған  рұқсат құжаттарынсыз заңсыз еңбек етіп жатқан 20 Өзбекстан Республикасының азаматтары анықталды. Қазір уақытта аталған тұлғалардың жеке бастарын анықтау үшін Атырау қаласы Полиция басқармасының қабылдау-тарату орнына тапсырылды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button