Бағдаршамды бүлдірген атыраулық анықталды

f85ae0839f31a78a782f4b797870b5e4
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Полицейлер бағдаршам бағанасына соғып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші анықталды.

8 шілде күні сағат 17:30 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері BWB автокөлігінің Амандосов-Бергалиев көшесінің қиылысында орналасқан бағдаршамға басқару жүйесін игере алмай соқтығысып, оқиға орнынан бой тасалап кетіп қалғандығын анықтаған.

Осы оқиға бойынша аталған автокөлікті іздестіру кезінде
BMW автокөлігін тізгіндеген 1970 жылы туылған қала тұрғыны анықталып, автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Қазіргі уақытта Амандосов-Бергалиев көше қиылысында орналасқан бағдаршам бағанасына келтірілген шығын көлемін анықтау үшін іс-құжаттар жинақталуда.