АТЫРАУДА

Әскерден келген досын өрескел заңбұзушылықпен күтіп алды

Әскерден келген досын күтіп алған көлік жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

30 маусым күні сағат 14:00 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері автокөліктің терезелерінен денесін шығарып, қауіпсіздік белдігін тақпаған күйде темір жол Вокзалынан шыққан “Lexus RX”, “Nissan Primera”, “ВАЗ 2110” маркалы автокөліктерін тоқтатты.

Тексеріс барысында, аталған автокөлік жүргізушілері өздерінің әскерден келген 19 жастағы досын темір жол Вокзалынан кутіп алып келе жатырғандарын, сол себепті автокөліктің терезесінен және люктан бастарын шығарып, қауіпсіздік белдігін тақпай, жол-ережесін бұзғандарын айтып, өз кінәларын толықтай мойындаған.

Аталған “Lexus RX” маркалы автокөлігінің 1996 ж.т., жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593 бабының 2 бөлігімен _(қауіпсіздік белдігін тақпай көлік жүргізгені үшін)_,
“Nissan Primera” маркалы автокөлігінің 2000 ж.т., жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593 бабының 2 бөлігімен _(қауіпсіздік белдігін тақпай көлік жүргізгені үшін)_,
және “Ваз 2110” маркалы автокөлігінің 1990 ж.т., жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593 бабының 2 бөлігімен _(қауіпсіздік белдігін тақпай көлік жүргізгені үшін)_ әкімшілік хаттамалар толтырылып, әрқайсысына
14 585 теңге көлемінде айыппұл салынды.

img 20210701 wa0037

Ал, автокөліктің қозғалысы кезінде терезенің ойығынан және люктан бастарын шығарған, 2002, 2003 ж.т., үш азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 615 бабының 1 бөлімімен _( автокөліктің қозғалысы кезінде автокөліктің терезесінен денесін шығарып, жол жүрісі қағидаларының талаптарын орындамағаны үшін)_әкімшілік хаттамалар толтырылып, әрқайсысына 5 834 теңге көлемінде айыппұлдар салынды.

Өз кезегінде, Атырау қаласы Полиция басқармасы жүргізушілердің назарына жол ережелерін өрескел  бұзған жағдайда (көлік терезесінен бастарын шығару, автокөлік терезелерінен шығу, көше тыныштығын бұзу, ) әкімшілік жауапкершілікке тартылатындарын қатаң түрде ескертеді.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button