АТЫРАУДА

Жүк тасымалы жол сапасына кедергі келтірмеуі тиіс!

Жол сапасы – ауыр жүк тасымалдайтын көліктердің талаптарды сақтауына тікелей байланысты.

        Бүгін, Департамент «Атырау Адалдық алаңы», Көлік прокуратурасы, «Жол активтерінің Ұлттық сапа орталығы», Көліктік бақылау инспекциясы өкілдерінің қатысуымен «Сапалы-жол Адалдық алаңы» жобасы аясында кезекті мониторинг жұмыстарын жүргізді.

        Жалпы, жыл сайын 01 шілде мен 31 тамыз аралығында ауа температурасы 25 градустан жоғары болған жағдайда сағат 09:00-22:00 аралығында жүк көліктеріне 8 тоннадан жоғары жүкпен қозғалуына тиым салынған.

        Себебі, ауа температурасы 25 градустан жоғары болған кезде асфальт ыстыққа иілгіш болып келіп, аса ауыр жүкпен жүріп өту асфальттың тез бұзылуына әкеліп соғады.

img 20210702 wa0022

        Мониторинг барасында осы талаптарды сақтамаған екі мекеменің жүк көлігінің қозғалысы кешкі уақыт 22:00-ге дейін тоқтатылды.

        Бұдан бөлек, жол жүрісі және ауыр жүк тасымалы ережелерін бұзу фактілері бойынша 13 заңбұзушылық фактілері анықталды.

img 20210702 wa0021

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button