АНТИКОР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ 27 МЛН ТЕҢГЕГЕ ОТТЕГІ КОНЦЕНТРАТОРЛАРЫН САТЫП АЛДЫ

by Depti
0 views

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) қызметкерлері медициналық ұйымдарға қайырымдылық көмек көрсету үшін шамамен 27 млн.теңге жинады.

Агенттік қызметкерлері коронавирустың таралуына қарсы күреске көмек ретінде бір күндік жалақыны аударуға шешім қабылдады. Жиналған қаражатқа 25 оттегі концентраторы сатып алынды, олар өңірлер арасында тең бөлінетін болады. Өнімділігі минутына 10 литрге дейінгі аппараттар тыныс алу жолдарының аса ауыр ауруларын емдеуде қолданылады.

«Әрбір ұйым әлеуметтік жауапты болуы тиіс. Қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілігіміздің дәрежесін түсіне отырып, біз ауруханаларға оттегі концентраторларын сатып алу үшін бір күндік жалақыларымызды аудару маңызды және қажет деп есептедік. Сол арқылы СOVID-пен қарсы күреске жанашырлық танытамыз», – деді Агенттік төрағасы А. Шпекбаев.

Сондай-ақ, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Халықаралық Интеллектті дамыту институтының директоры, Корея Республикасының жергілікті өзін-өзі басқарудың лауазымды тұлғаларына арналған оқыту бағдарламаларын әзірлеуші, профессор Джо ГЮ Юнның өзара ынтымақтастығы аясында оңтүстік кореялық тараптан Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберілгенін атап өткен жөн.

«Эйр Астана» әуекомпаниясының қолдауымен 50 мың АҚШ долларын құрайтын жалпы салмағы 1,5 тонна жүк Алматы әуежайына келді. Келіп түскен гуманитарлық жүк «СҚ-Фармация» ЖШС арқылы медициналық мекемелерге жіберіледі.

Агенттіктің аумақтық бөлімшелері жұртшылық өкілдерімен бірлесіп жүкті соңғы тұтынушыға дейін жеткізуді қамтамасыз етеді. Гуманитарлық тауарды мақсатсыз пайдалану тәуекелін болдырмау үшін барлық келіп түскен дәрі-дәрмектер мен бұйымдар «Гуманитарлық көмек – ТЕГІН» арнайы мөртаңбасымен таңбаланады.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com