АТЫРАУДАБЕЙНЕТАСПА

Апаттық жағдай тудырды (+ВИДЕО)

Апаттық жағдай тудырған көлік жүргізушісіне айыппұл салынды.

https://youtu.be/rA4HCm-uTzc

Жол ережесін қасақана бұзған 30 жастағы азаматша анықталды.Ол туралы бейнежазба әлеуметтік желілердің бірінде жарияланған болатын.
Ол 21 шілде күні сағат 10:30 шамасында Армения Республикасында тіркелген «Nissan Tida» автокөлігімен Азаттық-Досмұхамбетов көше қиылысында жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, бір бағытта келе жатырған жүргізушілерге апаттық жағдай туғызған.

Аталған азамашаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 606 бабының 1 бөлімімен ( басқада жол жүрісі қатысушыларына апаттық жағдай туғызған) әкімшілік хаттама толтырылып, 29 170 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Одан басқа, ҚР ӘҚБтК-нің 596 бабының 2 бөлігімен ( көше қиылысынын өту және басып озу қағидаларын бұзу) әкімшілік хаттама толтырылып, қысқартылған түрде 21 877 теңге көлемінде айыппұл салынды», – деді, Патрульдік полиция батальонының командирі Нұрлан Сәрсенбаев.

Еске сала кетейік, жыл басынан бері жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, жүргізушілерге апаттық жағдай  тудырған 200 жуық жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мейірім ЕРДӘУЛЕТ,

Атырау облыстық ПД бөлім басшысы

#Атырауполиция  #ПолицияАтырау  #Атыраулықполицейлер  #ПолицейскиеАтырау  #Атыраулықтәртіпсақшылары  #СтражипорядкаАтырау #АтырауоблысыПолицияДепартаменті #ДепартаментполицииАтырау 
#ИсатайАПБ #МахамбетАПБ #ЖылыойАПБ #ҚұрманғазыАПБ #ИндерАПБ #МақатАПБ #ҚызылқоғаАПБ  #АтырауҚПБ

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button