АТЫРАУДА

Атырауда 42 шетелдік көлік айып тұрағына қойылды

Бір апта ішінде айыппұл төлемеген 42 шетелдік автокөлік айып тұрағына қойылды.

12-18 шілде аралығында яғни, бір апта ішінде қала аумағында патрульдік полиция қызметкерлерімен ҚР ӘҚБтК-нің 785-бабына сәйкес, төленбеген айыппұлдары бар 42 автокөлік анықталды.
Анықталған автокөліктердің  36 Ресей, 4 Армения елінен әкелінген автокөліктер болса, 1 көлік Қырғызстан елінен әкелінген автокөлік.

-Аталған автокөліктер жылдамдықты асыру, жол белгісі талаптарын орындамау, бағдаршамның тиым салынған түсінен өту қағидаларын бұзғандары үшін «Сергек» аппаратты бағдарламалық кешендеріне түскен-деді, Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Мысалы, 20 шілде күні сағат 22:30 шамасында орталық көпір тұсында патрульдік полиция қызметкерлерімен 1990 жылғы туылған азаматтың басқаруындағы Армения елінде тіркеуде тұрған “Мерседес” маркалы автокөлігі тоқтатылып, тексеріс барысында аталған автокөліктің 320 870 теңгені құрайтын төленбеген 11 айыппұлы бар екендігі анықталып, автокөлік
ҚР ӘҚБтК-нің 785-бабына сәйкес, арнаулы тұраққа қойылды.

_Осыған байланысты, Атырау қаласының тұрғындары мен қала қонақтарынан өздеріңізге салынған айыппұлдарды уақытылы төлеп, төленген түбіртектеріңізді Атырау қаласы Полиция басқармасының Әкімшілік полиция бөліміне тапсыруларыңыз сұралады._

Мекен-жайымыз: Атырау қаласы, Нұрсая м/а, Әбілхайыр хан даңғылы 55, «Полиция» ғимараты, 2 және 3 терезе.
Байланыс телефондары: 98-23-06, 98-23-26.

Бұл бағыттағы жұмыстар патрульдік полиция қызметкерлерімен жалғасын табуда.

Мейірім ЕРДӘУЛЕТ,

Атырау облыстық ПД бөлім басшысы

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button