Атырауға тағы 10 мың доза вакцина жеткізілді

210401014330468a3770692i
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Атырауға «Спутник V» вакцинасының II компонентінің 10 мың дозасы жеткізілді.

Оларды өңірдің барлық егу пункттеріне таратады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Ресейлік «Спутник V» вакцинасы II компонентінің 10 мың дозасы Ақтөбе қаласындағы фармацевтикалық хабтан жеткізілді. Қазір оларды облыстың барлық егу пункттеріне жеткізу жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетейік, 21 шілдедегі мәліметтер бойынша КОРОНАВИРУСТЫҚ инфекцияға қарсы вакциналардың II компонентімен 77 109 адам егілді. Өңірде 41 егу пункті жұмыс істейді, олардың 10 – ы жылжымалы медициналық бригада.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған