АТЫРАУДА

АСТАНА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА АТЫРАУДА ОҚУШЫЛАР МЕН ЖАСТАР САРАЙЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ (ВИДЕО)

Өңірде жаңадан ашылған Оқушылар және жастар сарайында 200-ден аса мұғалім жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. 

«Шеврон» компаниясының демеушілігімен салынған Оқушылар мен жастар  сарайы пайдалануға берілді. Аумағы 18 833 ш.м. құрайтын аталмыш ғимараттың құрылысы 2018 жылы басталып, белгіленген мерзімде аяқталып отыр. Ғимарат астыңғы қабаттан бөлек, 4 қабаттан тұрады. Мұнда шығармашылық қызметтің барлық түрлерімен және спортпен айналысуға, сондай-ақ, әр түрлі үйірмелерге қатысуға барлық жағдай қарастырылған.

Сондай-ақ,  сарайда  ғылым мен техника, өнер, мәдениет  және спорт салалары бойынша жеті бағытта 63 үйірме жұмыс жасайды. Нақтырақ айтсақ, спорт саласында – футбол,  суда жүзу, жеңіл атлетика,  күрес түрлерінен үйірмелер болса, өнер саласында – хореография, ән айту, сурет салу, керамика үйірмелері бар.

–         Пайдалануға беріліп отырған ғимаратта үйірмелерден өзге  ұлттық мәдениетіміз бен салт-дәстүріміз туралы мағлұмат алуға,  планетарийден аспан әлемімен танысуға және тағыда басқа қарым-қабілеттерін дамытуға бар мүмкіндік жасалған. Жалпы алғанда тәулігіне  2 ауысымда 1 500 бала өнермен, спортпен, шығармашылықпен шұғылдана алады. Оқушылар мен жастарды түрлі бағытта дамыту үшін сарайға 200-ден астам мұғалім жұмыспен қамтылмақ,  – деп түсіндірді қалалық білім бөлімінен.

whatsapp image 2020 07 05 at 16.43.58 1

Айта кетейік, Оқушылар мен жастар сарайы қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты өз жұмысын 1 қыркүйектен бастайды.

Тақырып бойынша мақалалар

Бір Пікір

  1. Жақсы іс жасағандарға мың алғыс. Елде тыныштығында індеттен аман құтылып балаларымызға пайдалы болғай.

Back to top button