АТЫРАУДА

АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАСЫ ТАҒЫ ЕКІ ИВЛ АППАРАТЫМЕН ТОЛЫҚТЫ

Бұған дейін облыс көлемінде барлығы 111 медициналық аппарат болған. Олардың қатары тағы екі жасанды тыныс алу аппаратымен толықты, – деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
Аймақта 1 маусым мен 29 маусым аралығында пневмония ауруымен 422 адам тіркелген. Өсім 89 пайызды құрап отыр. Бұл ретте науқастардың өмірін сақтап қалу үшін жергілікті кәсіпкерлер де көмек қолын созуда.

Кәсіпкерлердің демеушілігімен облыстық ауруханаға коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарды емдеуде таптырмас құралдардың бірі ИВЛ аппараты қойылды. Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова осындай қиын кезеңде көмек көрсеткен кәсіпкерлерге алғысын білдірді.

  • Барша жұртқа қауіп төндірген індетті ауыздықтау үшін, ең алдымен, дәрігерлер мен медицина қызметкерлері жұмылдырылды. Оларға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау да көрсетілді. Билік ақ халатты абзал жандарға барынша жағдай жасауда. Дегенмен, бәріміз бір мезетте жұмылып күрессек бұл індеттен арылудың ауылы алыс емес деп білемін. Бірер күн бұрын облыстағы ірі кәсіпорындар мен кәсіпкерлерімізді осы індетпен жұмылып күресуге шақырған едім. Іле шала қолдау білдіруші кәсіпорындар да табылды. Оларға алғыс білдіреміз. Осындай қиын кезеңде бір-бірімізге демеу болсақ, бұл індетті де бірге жеңеміз, – depti облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button