АТЫРАУДА

АТЫРАУДА ҮЛКЕН ИНФЕКЦИОНДЫ СТАЦИОНАР АШЫЛМАҚ

Атырау облыстық ауруханасынан 400 орындық инфекцияондық стационар ашылмақ

Барлық жеке медициналық мекемелер басқа жаққа көшіріледі, деп хабарлайды Атырау облысының денсаулық  сақтау басқармасы.

Бұл туралы облыстық ауруханада өңірлік журналистер үшін  өткен пресс-тур барысында белгілі болды.

Облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың айтуынша,  бүгінде облыстық аурухана жанынан 120, кардио орталықтан – 70 провизорлық орын ашылып, Геолог ауруханасына қарасты 100 правизорлық орынның ашылуы жоспарлануда.

-Сонымен қатар, облыстық аурухананы босатып, бөлімшелерді басқа медициналық мекемелерге көшіріп, үлкен 400 орындық инфекционды стационар ашпақпыз, – дейді Бақытгүл Хаменова.

Еске сала кетейік, өңірде «пневмония» дертімен 321 науқас тіркелді. Оның 82,3% емдеу мекемесіне жатқызылған.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button