АТЫРАУДА

«АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАСЫНДА АУЫЗ СУ ЖОҚ» ДЕГЕН АҚПАРАТ РАС ПА?

Бұл туралы ӨКҚ-нің баспасөз орталығында өткен онлайн-брифинг барысында белгілі болды, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаровтың айтуынша, өңірдегі  ауруханаларда су тапшылығы мәселесі жоқ.

–         Қазір күннің ыссылығына сәйкес, мекемелер мен тұрғын үйлерде арнайы желдеткіш құралдардың көмегі қолданылатыны белгілі. Дегенмен, қазіргі уақытта науқастардың көпшілігі пневмонияға шалдыққандықтан ауруханада мұндай желдеткіштерді қолдану келеңсіздік тудырып, емге әсерін тигізуі мүмкін.   Сол себепті де, науқастарға  ішуге пайдалану үшін ауыз су, басқа да қажетті заттар әкелінетін болса, біз қарсылық білдірмейміз. Бірақ, ауруханаларда 24 сағат су жүріп тұрғанын ескертемін, – деді Нұрлыбек Қабдықапаров.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button