АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА 12 ШІЛДЕДЕН БАСТАП КАРАНТИНДІК ШАРАЛАР ҚАТАҢДАТЫЛДЫ (ҚАУЛЫ)

whatsapp image 2020 04 01 at 13.04.40
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Атырау облысының Бас мемлекеттік санитарлық

дәрігерінің 2020 жылғы 4 шілдедегі

«Атырау облысы аумағында коронавирустық

инфекцияның (COVID-2019) таралуын төмендету

бойынша қатаң карантиндік шараларды енгізу туралы»

№ 52 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 21-бабы 13-тармағының 4) тармақшасын және 148-бабының 1-тармағын басшылыққа ала отырып, республикалық Rt репродуктивті орташа санының жоғары өсуіне, сондай-ақ Атырау қаласында бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың 7,5% – дан астам өсуін ескере отырып, Атырау облысының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуының алдын

алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

2-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

8) жұмыс уақытын сағат 10-нан 21-ге дейін шектей отырып азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда, ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері қызметіне тыйым салынсын;

2-тармақтың 16) тармақшасы, мынадай редакцияда жазылсын:

16) азық-түлік емес дүкендердің жұмысына тек «үйге жеткізу» қағидаты бойынша сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін рұқсат етілсін.;

2-тармақтың 21) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

21) күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып және жұмыс уақытын сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін шектей отырып, азық-түлік дүкендерінің (үйдің жанындағы азық-түлік дүкендері, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер), азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың (ғимараттардан тыс) қызметіне рұқсат ету;

2-тармақтың 22) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын::

22) қоғамдық тамақтану объектілерінің (кафелер, мейрамханалар, барлар) қызметіне тек «үйге жеткізу» қағидаты бойынша сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін рұқсат етілсін.;

2-тармақтың 24) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

24) ұйымдар мен кәсіпорындарға қызмет көрсетуді қоспағанда, халыққа қызмет көрсету жөніндегі объектілердің (көлік жуу, автомобильдерді жөндеу, тұрмыстық техника және басқалары) нысандардың қызметіне  тыйым салу;

2-тармаққа 1.1.) тармақшасы қосылып, мынадай редакцияда жазылсын:

Алматы қаласы, Ақтөбе және Маңғыстау облыстары бағыттары бойынша жолаушылар темір жол тасымалдары тоқтатылсын.

2-тармақтың 25) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

25) бизнес орталығы объектілерінің (адвокаттардың, нотариустың, бухгалтерлік және кеңес беру қызметтері, жылжымайтын мүлік агенттіктері, жарнама агенттіктері, сот приставтары және басқалары) қызметіне тыйым салынсын;

        6. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

        7. Осы қаулы 2020 жылдың 11 шілдесінде 00 сағат 00 минуттан бастап заңды күшіне енеді.

Атырау облысының Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері                                                            А. Жұмағалиев