АТЫРАУДА

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА ҚАТАҢДАТЫЛҒАН КАРАНТИНГЕ ӨЗГЕРІС ЕНГІЗІЛДІ (ҚАУЛЫ)

Атырау облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 4 шілдедегі «Атырау облысы аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-2019) таралуын төмендету бойынша қатаң карантиндік шараларды енгізу туралы» № 52 қаулысына өзгеріс енгізу туралы  

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі №193-IV Кодексінің 21-бабы 12-тармағының 6) тармақшасын, 150-бабын, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №480-V Заңының 65-бабын Басшылыққа ала отырып  Қаулы етемін:

тармақша 6) 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

азаматтардың жұмыс орнынан анықтама (не қызметтік куәлік) болған кезде тұрғылықты жерінен жұмыс орнына дейін және кері қарай жүріп-тұру жағдайларын қоспағанда, азаматтардың демалыс және мереке күндері жүріп-тұруына, дүкендерде және дәріханаларда азық-түлік тауарларын, бірінші кезектегі қажетті тауарларды, дәрілік препараттарды сатып алуға, шұғыл жағдайлар бойынша медициналық ұйымдарға шығуға тыйым салу;

9) тармақшасы, 2-тармағының мынадай редакцияда жазылсын:

9) ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, кальян, букмекер кеңселері, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, аттракциондар, балалардың ойын алаңдары, батуттар және басқалар), кинотеатрлардың қызметіне тыйым салу;

2-тармақтың 21) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын::

21) күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып және жұмыс уақытын сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін шектей отырып, азық-түлік дүкендерінің (үйдің жанындағы азық-түлік дүкендері, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер), азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың (ғимараттардан тыс) қызметіне рұқсат етілсін;

2-тармақтың 25) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын::

25) жұмыс уақыты сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін шектелген және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, бизнес-орталықтар объектілерінің (адвокаттың, нотариустың, бухгалтер мен консалтингтің, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктің, жарнама агенттіктерінің, сот орындаушылары және т. б. қызметтері) қызметіне рұқсат беру;

2-тармақтың 32) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын::

32) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып және жұмыс уақытын сағат 08.00-ден 22.00-ге дейін шектей отырып, дәріханалардың қызметіне рұқсат беру;

  атырау облысының

 БАС МЕМЛЕКЕТТІК    САНИТАРИЯЛЫҚ  ДӘРІГЕРІ:                       А.Жұмағалиев

Тақырып бойынша мақалалар

Бір Пікір

Back to top button