АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

e1ee0edd ed98 4419 9c32 7fda3f6d4f80
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Атырау облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы болып Әзмұқанов Қанат Қадыржанұлы тағайындалды. Жаңа басшыны ұжымымен Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова таныстырды, – дейді Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қанат Әзмұқанов 2003 жылы Алматы қаласындағы Орта – Азиялық университетін құқықтану мамандығы бойынша және 2008 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің қаржы мамандығы бойынша білім алған.
2015 жылы Ресей Федерациясының Астрахандық мемлекеттік университетінің магистратурасын аяқтап «құқықтану магистрі» дәрежесін алды.
2018 жылы Чехия Республикасы, Прага қаласындағы «Central Bohemia Institute of Applied Science and Management» оқу орнын Экономика және Бизнес Саласындағы Іскерлік Басқару Докторы бағдарламаларын тәмәмдап, ғылыми дәрежесін алған.
Еңбек жолын «Жүзе» ЖШС-де заңгердің көмекшісі, кеңесші заңгер және заңгер лауазымдарынан бастап «Каспиан Проджект Сервисес» ЖШС директордың орынбасары және директоры, «Region Trans Com» ЖШС-де бас директоры лауазымында жұмыс жасаған.
2010-2012 жылдар аралығында «Нұр Отан» ХДП Атырау облыстық филиалының қоғамдық-саяси жұмыс бөлімінің кеңесшісі, ұйымдастыру-партиялық бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған.
2012 жылдың маусым айынан бастап «Kaz Trans Oil-Logistik» ЖШС-де директор лауазымында жұмыс жасаған.
2013 жылдың қазан айынан бастап 2016 жылдың наурыз айына дейін «Нұр Отан» партиясы Атырау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары лауазымда қызмет етті.
2016 жылдың сәуір айынан бастап 2018 жылдың қазан айына дейін Атырау қаласы Мәслихатының хатшысы;
2018 жылдын қазан айынан бастап «Region Trans Com» ЖШС кадрлар жөніндегі директоры;
2020 жылы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаментінің директоры болып жұмыс істеген.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған