АТЫРАУДА

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ НАУҚАСТАНЫП ЖАТЫР

Атырау облысы әкімінің жуырда ғана тағайындалған баспасөз хатшысы Ержан Қалымбайұлы қауіпті індетке ұшырағаны туралы фэйзбуктағы жеке парақшасында жариялады.

«Ардақты ағайын!

Өкінішке қарай, соңғы тапсырған коронавирус тесті менің де инфекция жұқтырғанымды көрсетті. Барынша сақтанып жүргеннің өзінде болмады.

Дәрігерлер қарап, қазір карантиндік стационарда толық оқшаулауда жатырмын.
Менімен жақын байланыста болғандар да түгел ПЦР сынамасын тапсырып, оқшаулануға кетті.

Құрметті ағайын, сіздерден де барынша сақ болуларыңызды сұраймын. Қазіргі кезде маскалық режим мен арақашықтықты сақтау сондай-ақ санитарлық талаптарға мұқияттылықтарыңыз аса маңызды.

Жиын-той, басқосулар мен адам көп жерлерден аулақ болғандарыңызды қалаймын.
Үлкендеріміздің қауіпсіздігін де бір сәт ұмытпайық.

Абай болыңыздар, ауырмаңыздар, аман болыңыздар!» – depti облыс әкімінің баспасөз хатшысы.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button