АТЫРАУДА

АТЫРАУДА ЕСІРТКІ САТҚАН ШЕТ ЕЛ АЗАМАТЫ ҰСТАЛДЫ

Департамент бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев, республика көлемінде өтіп жатқан «Қарасора-2020» жедел алдын-алу іс-шарасы кезінде Өзбекстан азаматы ұсталғанын атап өтті.

Бұл азаматтың уақытша тұратын мекен-жайын тексеру кезінде есірткі заттары табылып, тәркіленді. Ұсталған азамат уақытша оқшаулау орнына қамауға алынды.

Сараптама қортындысымен тәркіленген есірткі заттарының салмағы 400 грамм сора екендігін анықтады.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296 бабы 3-бөлігі «Ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау,тасымалдау» бойынша сотқа дейінгі тергеу-тексеру жүргізіліп сотқа жолданды.

Жақында сот шешімімен шетелдік азамат 160 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button