АТЫРАУДА

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА ДАЛА ӨРТІ ОРЫН АЛДЫ

Кеше Исатай ауданы, Аққыстау ауылынан 150 шақырым қашықтықта орналасқан Қамысқала ауылына қарасты «Айсақұдық» елді мекенінде дала өрті орын алды.

Бұл туралы Атырау облысы ТЖД Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы хабарлады.

-Ерікті өрт сөндіру жасағы мен жергілікті тұрғындардың көмегімен өрт 16 маусым күні сағат 10:30-да толықтай жойылды. Жанған өрт аумағы шамамен 35-40 гектар, қашықтығы 15 шақырым жерді құрады. Сөндірілген учаскілер: «Тұяқ қызыл», «Есенқара қоңыры», «Хасен», «Қоңырбай», «Айсақұдық», «Отау», «Қаштай», «Досқали», – делінген хабарламада.

Дала өртін сөндіруге 25 адам оның ішінде 8 – ерікті өрт сөндіру жасағы, 17 – жергілікті тұрғындар, 6 техника  қатысты.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button