АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУСТАН ТАҒЫ ЕКІ НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ

30d48e30 12a5 4a1c 856d 853e2dc3c58c
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

1965  жылғы ер адам  провизорлық стационарға түскенге дейін ауырып, 5 күн өткен соң ғана емхананың  медициналық қызметіне  жүгінген. Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек,  ер адамда интосикация синдромы мен тыныс алу жолдарының жетіспеушілігі болған.  Соның салдарынан ауруханаға түскен сәттен бастап науқастың жағдайы  ауырлаған.

Ал, қауіпті індеттен  қайтыс болған екінші ер адам  –  1963 жылы туған Құлсары қаласының тұрғыны. Қабылдау кезінде бұл науқаста да интоксикация синдромы, тыныс алу жеткіліксіздігі анықталған.  Дәрігерлердің  барлық реанимациялық және емдік шараларды жүргізгеніне қарамастан, жағдайы жақсармады.

Науқастардың  қорытынды диагнозы: КВИ, екі жақты полецегменттік пневмония.