АТЫРАУДА

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА ҚАМЫСТЫҢ ЖАНУЫ ЖОЙЫЛДЫ

6 қыркүйек күні сағат 17.21-де Атырау облысында қамыс пен құрғақ шөптің жануы жойылды.

Шымкент қаласынан барған «Қазавиақұтқару» АҚ-ның МИ-17 тікұшағы жану ошағына 3 тоннадан 10 рет су шашты.

Сонымен қатар жағдайға мониторинг жүргізу мақсатында «Қазавиақұтқару» АҚ «Еврокоптер145» тікұшағымен жану аумағын бойлай ұшу жүргізілді.

Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД, «Қазавиақұтқару» АҚ, Орман шаруашылығынан, жергілікті атқарушы органдардан 93 адам, 23 техника және 2 тікұшақ жұмылдырылды.

Естеріңізге сала кетейік, Атырау қаласынан 30 шақырым қашықтықтағы Каспий теңізінің жағалауында қамыс жанған болатын. Жану орны батпақты болуы және өсімдіктердің биік болуы өртті сөндіруді қиындатқан еді.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button